Акция «ӨЗ АВТОМОБИЛІҢДІ АЛЫП КЕТ!»

«РАМСТОР ҚАЗАҚСТАН» ЖШС ұсынған «ӨЗ АВТОМОБИЛІҢДІ АЛЫП КЕТ!» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ (бұдан әрі – «Ережелер»)

 

  1. «Өз автомобиліңді алып кет!» жарнамалық акция (бұдан әрі – «Акция») Қазақстан Республикасының аумағында Алматы және Астана қалаларында 2017 жылғы 09 қазаннан бастап 2018 жылғы 09 қаңтарға дейін қоса есептеген мерзімде (бұдан әрі «Акция мерзімі») өткізіледі.

Акция аяқталған соң 2018 жылғы 15 қаңтарда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00 уақытта Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Фурманов к-сі, 226 мекенжайында орналасқан «Ramstore All In» КСК аумағында осы ережелермен белгіленген тәртіпте, Акцияға қатысқан барлық Қатысушылар арасында осы Ережелердің 13-тармағында аталған жүлделер ойынға салынатын ұтыс ойыны өткізіледі.

  1. Акцияны ұйымдастырушы: «РАМСТОР ҚАЗАҚСТАН» ЖШС (бұдан әрі мәтін бойынша «Ұйымдастырушы»), келесі мекенжайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Фурманов к-сі, 226, «Star Home products» ЖШС тапсырысы бойынша әрекет етеді.

Акцияның Тапсырыс берушісі: «Star Home products » ЖШС (бұдан әрі мәтін бойынша «Тапсырыс беруші»), келесі мекенжайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөкейханов к-сі, 147А. (заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шәріпов к-сі, 63).       

  1. Акция операторы «БТЛ Глобал» ЖШС болып табылады, келесі мекенжайда орналасқан: Алматы қ., Жандосов к-сі, 1/1, «Success» БО, 3-қабат.
  2. Акцияға жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар қатыса алады (бұдан әрі – «Қатысушылар»).
  3. Акцияға келесі тұлғалар қатыстырылмайды:

5.1. Осы Ережелердің 4-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар;

5.2. Ұйымдастырушының, Акция Тапсырыс берушісінің қызметкерлері мен өкілдері,  олармен үлестес тұлғалар және олардың отбасы мүшелері, Ұйымдастырушымен, Акция Тапсырыс берушісімен шарттық қатынастағы және Акцияны дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері.

5.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен толық танысқандығын және оған келісетіндігін растайды, ішінара, бірақ төменде айтылғанмен шектелмей өзінің келісімін береді: 

  1. Акцияға қатысу туралы жарнамалық сұхбат беруге, соның ішінде радио және телевидение үшін, сонымен қатар басқа бұқаралық ақпарат құралдары үшін, сондай-ақ,  Ұйымдастырушымен және/немесе Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалармен  Қатысушымен фото- және бейнетүсірілім жасауға, Қатысушымен бірге жасалған фото- және бейне жазбаларды оның қосымша келісімісіз және қолдану үшін қандай да бір сыйақы төлеусіз, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда, жарнамалық мақсатта, Қатысушымен аталған фото- және бейнежазбаларды үшінші тұлғалармен қолдану құқығын берумен бірге қолдануға; 
  2. Ұйымдастырушымен және онымен уәкіл етілген тұлғалармен Акцияны өткізу мақсатында Қатысушылардың жеке мәліметтерін осындай мәліметтерді рұқсатсыз таратудан қорғау үшін қажетті шараларды сақтаумен жинауды, өңдеуді (соның ішінде автоматтандырылған құралдарды қолданумен), сақтауды, қолдануды, таратуды орындауға;

Қатысушы осы жеке мәліметтерін қолдануға келісімді Ұйымдастырушыға осы Ережелердің 2-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шақырту туралы жазбаша хабарлама жіберіп, қайта шақыртуға құқылы.

Келісімді қайта шақырту туралы хабарлама алған жағдайда Ұйымдастырушы және онымен уәкіл етілген тұлғалар Қатысушының осындай жеке мәліметтерін өңдеуді тоқтатады және жеке мәліметтерді шақыртуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жояды. 

Егер Қатысушының жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін шақырту нәтижесінде Қатысушының жеке мәліметтерін жою салдарынан Ұйымдастырушы Акцияны өткізуге байланысты әрекеттерді орындамаған болса,  онда Ұйымдастырушы ол үшін жауапты болмайды,.

  • Қатысушы өзінің жеке мәліметтеріне қол жеткізуге құқылы. Аталған құқықты жүзеге асыру үшін Қатысушы Ұйымдастырушыға осы Ережелердің 2-тармағында аталған мекенжай бойынша жазбаша хабарлама жіберу жолымен Ұйымдастырушыға жүгінуге құқылы.
  1. Акцияны жүргізу кезінде Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардан Қатысушы үшінші тұлғалардың құқығын бұзуға байланысты қандай да бір шағымдар болған жағдайда Қатысушы осындай дауларды өздігінен шешу бойынша жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
  2. «Өз автомобиліңді алып кет!» деген ұран осы Ережелердің мәні бойынша Ұйымдастырушымен Акция финалында 15.01.2018 жылғы ұтыс ойынында ойналатын Reno Logan маркалы 1 (бір) автомобиль дегенді білдіреді.  
  3. Акция Қатысушысының құқықтары:

- Акцияны өткізу шарттарымен танысу; 

- Акцияға осы Ережелерде белгіленген тәртіпте қатысу;

- Акцияны өткізу шарттарына сәйкес Бас немесе Жұбаныш Жүлдені беруді талап ету.

 

  1. Акция Қатысушысының міндеттері:

- Акцияны өткізу шарттарын сақтауға, соның ішінде Акцияға қатысуға және Жұбаныш жүлделерді және/немесе Бас Жүлдені Акцияны өткізу шарттарымен белгіленген мерзімде алуға байланысты барлық әрекеттерді орындау; 

- Жұбаныш жүлделерді және/немесе Бас Жүлдені алу кезінде Ұйымдастырушыға сәйкес мерзімде және осы Ережелердің шарттарына сай «Рамстор» дүкендер желісінде сатып алуды растаушы сәйкес жеке нөмірі бар қатысушы купонын, сонымен қатар фискалды чекті ұсынуға міндетті. 

- Жұбаныш жүлделерді және/немесе Бас Жүлдені алу кезінде оның күйін кемшіліктердің бар болуына тексеруге және олар анықталған жағдайда осы туралы шұғыл түрде Ұйымдастырушыға хабарлау. Егер жүлдені алу кезінде Акция Қатысушысы (Жеңімпаз) жүлдеге қатысты қандай да бір шағымдар білдірмесе, жүлде қатысушымен тиісті түрде, кемшіліксіз қабылданды деп саналады.

- Акцияның Тапсырыс берушісі қабылдаған шешім бойынша Бас жүлденің жеңімпазы бас жүлдені алу кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұтыс түріндегі кірістен жеке табыс салығының сомасын төлеуге міндетті.

- Қатысушылардың осы Ережелерде баяндалған Акцияны өткізу ережелерімен көзделген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да құқықтар мен міндеттері бар.

 

  1. Ұйымдастырушы мен Тапсырыс берушінің міндеттері:

-  осы Ережелерге сәйкес Акцияны өткізу;

- осы Ережелерде баяндалған Акцияны өткізу шарттарына сәйкес жеңімпаздар деп танылған Қатысушыларға осы Ережелерде көзделген басқа жағдайлардан басқа сәйкес Жұбаныш жүлделерін және/немесе Бас Жүлдені ұсыну;

- Акцияны өткізуді тоқтатқан жағдайда осы туралы сәйкес ақпаратты осы Ережелермен белгіленген тәртіпте орналастыру;

- Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасының бюджетіне акцияның Жұбаныш жүлделерін алуға байланысты барлық салықтарды төлеу. 

 

  1. Ұйымдастырушы мен Тапсырыс берушінің құқықтары:

- осы Ережелерге өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізу, ол туралы Қатысушылар осы Ережелерде көзделген тәртіпте хабар алатын болады, соның ішінде осы Ережелердің 13.2-тармағында аталған Жұбаныш Жүлделерін өз қарауы бойынша басқа бағасы бірдей мүлікке ауыстыру. Бұл ретте Акция Қатысушылары Акция Ұйымдастырушысынан осындай ауыстыру кезінде қандай да бір қосымша өтемақы талап етуге құқығы жоқ; 

- Қатысушының Акцияны өткізу ережелерін сақтамау жайты анықталған жағдайда, Қатысушыға Бас Жүлдені және/немесе Жұбаныш жүлделерін беруден бас тарту;

- осы Ережелерде баяндалған Акцияны өткізу ережелерімен көзделген жағдайлардан тыс, Қатысушылармен жазбаша келіссөздер немесе басқа кез келген байланыс орнатпау;

- егер Қатысушы Бас жүлдені және/ немесе Жұбаныш жүлделерін алудан бас тартса, Бас жүлдені және/ немесе Жұбаныш жүлделерін алмауға байланысты оның шағымдарын қараудан бас тарту (Бас жүлде және/ немесе Жұбаныш жүлделері Қатысушымен қайта талап етілмейді);

- осы Ережелерде көзделген қажетті ақпаратты және құжаттарды Қатысушыдан талап ету;

- осы ережелердің 4.3-тармағында баяндалған Акция жеңімпаздарының келісімі бойынша Акцияға қатысу туралы жарнамалық сұхбаттар ұйымдастыру және өткізу, соның ішінде радио- және теледидар үшін, сонымен қатар басқа бұқаралық ақпарат құралдары үшін, Акцияның Бас жүлдесін және/немесе Жұбаныш Жүлделерін ұтып алуға байланысты Акция жеңімпаздарына қатысты фото- және бейнетүсірілімдер өткізу, жеңімпаздардың қатысумен жасалған дайын фото- және бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар Интернет желісінің ақпараттық ресурстарында (соның ішінде www.ramstore.kz сайтында) жариялау. 

  1. Акцияның Ұйымдастырушысы және Тапсырыс берушісі осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайлардан басқа кезде, Акция Қатысушысы туралы ақпаратты Акцияны өткізуге байланысты емес мақсатта үшінші тұлғаларға ұсынуға құқығы жоқ.

 

Акция шарттары:

  1. Акция Қатысушысы болу үшін осы Ережелердің 3 және 4 тармақтарымен белгіленген талаптарға жауап беретін жеке тұлға Акцияның бүкіл өткізілу мерзімінде:

11.1. тауарларды, атап айтқанда, осы Ережелердің 11.4-тармағында аталған Алматы және Астана қалаларының аумақтарында орналасқан «Рамстор» дүкендер желісінің кез келгенінде 3000 (үш мың) теңге және одан артық сомаға Star Home products компаниясының «Pasabahce» СБ өнімін сатып алу қажет, Тауарды сатып алуды растайтын фискалды чекті алу қажет. 

11.2. Акцияның беру орталығына немесе осы Ережелердің 11.4-тармағында аталған дүкендердің ақпараттық бюросына жүгініп, осы Ережелердің талаптарына сәйкес келетін фискалды чекті ұсыну. Беру орталығында 11.1-тармаққа сәйкес фискалды чекті ұсыну кезінде Қатысушы купон алады, (кем дегенде 3000 теңгені құрайтын сомадағы Star Home products  компаниясының «Pasabahce» СБ өнімінің әр сатылымына 1 купон беріледі, мысалы, Star Home products  компаниясының «Pasabahce»  СБ өнімін сатып алу сомасы чекте 6000 (алты мың) теңгені құраса – 2 купон, 9000 (тоғыз мың) – 3 купон және т.б.). Купонды Қатысушы жеке өзі толтырады, толтырылған купонның бір бөлігін ол купон қабылдағышқа түсіреді, ал екінші бөлігін және фискалды чектің түпнұсқасын ол өзіне қалдырады және ұтыс кезіне дейін сақтайды.

11.3. Бас және Жұбаныш Жүлделерін ойнату Акция аяқталғаннан кейін, яғни 2018 жылғы 15 қаңтарда осы Ережелерде көзделген тәртіпте өткізіледі.

Купондарды Алматы және Астана қалаларындағы келесі мекенжайларда орналасқан Рамстор дүкендер желісінің ақпараттық бюросында алуға болады: 

  • Рамстор          Алматы қ., Фурманов к-сі, 226
  • Рамстор           Алматы қ., Розыбақиев к-сі 247а
  • Рамстор          Алматы қ., Наурызбай Батыр к-сі 7б
  • Рамстор           Алматы қ., Төле Би к-сі, 229
  • Рамстор           Алматы қ., Абай даңғылы, 109 В
  • Рамстор           Алматы қ., Алмагүл ш/а., 18 А
  • Рамстор           Алматы қ., Мақатаев к-сі, 127.
  • Рамстор           Алматы қ., 10-ш/а., 11а үй
  • Рамстор         Алматы қ., Тимирязев к-сі, 37
  • Рамстор Экспресс Алматы қ., Орбита 2 ш/а., 2-үй
  • Рамстор Экспресс Алматы қ. Абай /Гагарин қиыл., 141/112 үй
  • Рамстор Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алматы-Бішкек автомагистралінің 17 км, Алтын Орда базарының шығыс жағында;   
  • Рамстор       Астана қ., Самал 11 ш/а.
  • Рамстор       Астана қ.,  Тәуелсіздік даңғылы, 34
  • Рамстор      Астана қ.   Қабанбай батыр даңғылы, 62

 

11.4. Купон Қатысушыға Ережелердің 11-тармағында аталған талаптарға сәйкес келетін сомасы 3000 және одан артық болатын 1 (бір) фискалды чекке ауыстырылады және чектегі әр 3000 теңгеге 1 купон, 6000 теңгеге 2 купон, 9000 теңгеге 3 купон және т.с. беріледі.

  1. Сатылымды растау ретінде келесілер қабылданбайды:

12.1. Алматы және Астана қалаларында орналасқан «Рамстор» дүкендер желісінде алынбаған тауарлар бойынша фискалды чектер; 

12.2. осы Ережелердің 11.1-тармағында аталған Акция үшін міндеті тауарлары жоқ фискалды чектер;

12.3. осы Ережелердің 4-тармағындағы талаптарға сай емес тұлғалардың беру орталығына әкелген фискалды чектері; 

12.4. Беру орталығына Акция мерзімінен тыс кезде әкелінген тауарды сатып алуды растайтын фискалды чектер, сонымен қатар 2017 жылғы 09 қазаннан бұрын және 2018 жылғы 09 қаңтардан кейін әкелінген фискалды чектер.

 

  1. Акция Жүлделерінің қоры:

13.1. Осы Ережелерде «Жүлде» дегеніміз: 

13.1.1. Акция финалында ойналатын «Star Home products» ЖШС ұсынған «Pasabahce» СБ өнімі түріндегі 100 (жүз) жұбаныш жүлдесі». 

13.1.2. «Бас Жүлде» -  Акция финалында ойналатын 1 Reno Logan автомобилі.

Жүлделер Қоры Акцияның Тапсырыс берушісінің қаражаты есебінен қалыптасады.

13.2. Акцияның бүкіл мерзімінде ойналатын Жұбаныш жүлделерінің жалпы мөлшері: 100 (жүз) жұбаныш жүлдесі.

Акцияның Жұбаныш жүлделерінің саны Ережелердегі осы тармақтың жоғарғысында айтылғанмен шектелген.

Акциядағы Жұбаныш жүлделерінің параметрлері мен сипаттамалары Ұйымдастырушымен және Тапсырыс берушінің қарауы бойынша анықталады және Қатысушы күткендей болмауы мүмкін, сонымен қатар жарнамалық-ақпараттық материалдардағы суреттерден өзгеше болуы мүмкін.

13.3. Акциядағы Бас жүлденің жалпы саны – базалық жиынтықтағы «Reno Logan» маркалы 1 (бір) автомобиль.

13.4. Жұбаныш жүлделері және Бас жүлде ақшалай баламада берілмейді және ауыстыруға жатпайды. 

 

  1. Акцияның Жұбаныш жүлделерін беру тәртібі

14.1. Акцияның Жұбаныш жүлделері тиісті түрде және осы Ережелерге сәйкес Акцияға қатысқан және ұтыс жеңімпаздары деп танылған Қатысушыларға беріледі.

14.2. Осы Ережелердің 11-тармағында аталған әрекеттерді орындаған Қатысушылар 2018 жылғы 15 қаңтарда өткізілетін ұтыс ойынына қатысуға құқылы.

14.3. Жұбаныш жүлделері акцияның барлық жеңімпаздары арасында таратылады.  

14.4. Акцияның Жұбаныш жүлдесін алған кезден бастап Акция Қатысушысы меншік иесі болады, сонымен қатар кездейсоқ опат немесе зақымдалу тәуекелін өзіне артады. 

14.5. Акция Қатысушысы Акцияның Жұбаныш жүлдесінен кез келген себептермен бас тартқан жағдайда Ұйымдастырушы Тапсырыс берушімен бірлесіп Акцияның Жұбаныш жүлделерінің жалпы санын сәйкес азайтуға деген құқықты өздеріне қалдырады. Бұл ретте осы тармақта аталған Кепілді Жұбаныш Жүлделері Акция аяқталған күннен кейін берілмейді және Ұйымдастырушы Тапсырыс берушімен бірлесіп өз қарауы бойынша оны қолданады. 

 

  1. Акцияның Бас Жүлдесін беру тәртібі.

15.1.  Акциядағы Бас Жүлденің жалпы саны  -  Reno Logan маркалы 1 автомобиль.

15.2. Акция Қатысушысы «Өз автомобиліңді алып кет!» жазуымен купонды ұсыну дерегі, акция қатысушысы туралы жеке мәліметтерді (аты-жөнін, телефон (дар) нөмірін) енгізу жолымен бекітілетін купон болып табылады.

15.3. Акция Жүлделер Қорын тарату нәтижелері осы Ережелердің 1-тармағында аталған Акцияны өткізу мерзімінде құрастырылатын және нотариус пен «АДАЛ» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының тәуелсіз сарапшысының қатысуымен Ұйымдастырушы және Тапсырыс беруші өкілі қол қойған сәйкес хаттамаларда бекітіледі.

15.4. Қатысушының мәліметтерін Хаттамаға енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Акция Ұйымдастырушысының уәкілетті өкілі осындай Акция Қатысушысына хаттамаға енгізілген телефондар бойынша келесі құжаттарды жеке өзі ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды: Бас Жүлде Ұйымдастырушысының өкіліне жеке куәлік немесе төлқұжат (ЖСН бар). Аталған құжаттардың көшірмелері және Акция Бас Жүлде иесінің купонын міндеті түрде Акция ұйымдастырушысына өтінімді рәсімдеу кезінде Қатысушымен ұсынылады. Акция Қатысушының жеке мәліметтері Қатысушының купонында көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс. 

15.5. Хабарлаудан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде Акция Жеңімпазы Ұйымдастырушыға Бас Жүлдені табыстау үшін қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Жұбаныш жүлделері ұтысты өткізу кезінде Қатысушының жеке куәлігі мен ЖСН болса беріледі.

Акция жүлдесін алу үшін қажетті мәліметтер тізімі:

  • Тегі, аты, әкесінің аты;
  • Жеке куәлік нөмірі;
  • Туылған күні, айы, жылы;
  • Байланыс телефоны, қала кодымен;
  • Нақты тұратын мекенжайы, индекспен;
  • ЖСН
  • Өзінің жеке мәліметтерінің астына Жүлдені алу туралы белгімен және оны алу күнін көрсетумен жеке қолын қою.

15.6. Егер Акция жеңімпазы Бас Жүлдені алу үшін Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Қатысушының өтінімінде көрсеткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде келмесе, сәйкес Бас Жүлде қажетсіз деп саналады.

15.7. Акция Жеңімпазы Бас Жүлдені алуды растайтын Құжатты толтырудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ онда толық емес ақпаратты көрсетсе және/немесе осы Ережелердің 15.5 және 15.6 тармақшаларында аталған барлық құжаттарды немесе олардың бір бөлігін ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайда жеңімпаз сәйкес Бас Жүлдеден  бас тартты деп саналады. 

15.8. Бас Жүлдені алудан бас тартқан жағдайда Акция Жеңімпазы Акция Ұйымдастырушысына Бас Жүлдеден бас тартуды растайтын, Жеңімпаздың жеке куәлік мәліметтері, күні мен қолы қойылған Құжатты ұсынуы тиіс.

15.9. Бас Жүлдені алатын Акция Жеңімпазы Жұбаныш жүлдесін алуға құқығы жоқ. Бас Жүлдені алған күннен бастап жеңімпаз меншік иесі болады, сонымен қатар оның кездейсоқ опат болу немесе зақымдалу тәуекелін өзіне артады.

15.10. Акция Жеңімпазы Бас Жүлдені талап етпеген жағдайда, сонымен қатар Акция Жеңімпазы кез келген себептерден осындай Бас Жүлдеден бас тартқан жағдайда Акцияның Ұйымдастырушысы   Тапсырыс берушімен бірлесіп, сәйкес Жүлдені өз қарауы бойынша қолдануға деген құқықты өзіне қалдырады.   

 

  1. Акция Қатысушыларын Акция Ережелері туралы ақпараттандыру тәртібі

16.1. Қатысушылар Акцияның толық ережелерімен Интернеттегі www.ramstore.kz сайтында, +7 727 330 55 66 тегін «жедел желі» телефоны арқылы (Акцияны өткізу мерзімінде тәулік бойы) таныса алады.

16.2. Акция туралы ішінара ақпаратты орналастырылатын жарнамалық-ақпараттық материалдардан білуге болады.

16.3. Акцияның ережелерін өзгерту, тоқтату туралы ақпарат, соның ішінде Акцияны өткізуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы ақпарат Интернеттегі www.ramstore.kz сайтта орналастырылатын болады.

                                                                                                                              

  1. Өзге шарттар.

17.1. Акция Ұйымдастырушысының Акцияны өткізуге байланысты барлық мәселелер бойынша шешімдері ақырғы деп саналады және барлық Қатысушыларға таралады.

17.2. Ұйымдастырушы:

  1. Акция Қатысушысының осы Ережелермен танысу мүмкіндігі болмағаны үшін;
  2. Акция Қатысушысы осы Ережелерде көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе уақтылы орындамағаны үшін;
  • Акция Қатысушысы Акция Қатысушыларының сауалнамаларындағы жыртылмалы купондарда көрсеткен жеке мәліметтері, байланыс және басқа ақпараттың дұрыстығы, нақтылығы және дәлдігі, сонымен қатар соған байланысты Қатысушылармен көрсетілген немесе байланыс телефондары арқылы байланысу мүмкін болмағаны, сондай-ақ Қатысушылардан алынған ақпаратты Ұйымдастырушыға қатысты емес себептермен, сонымен қатар байланыс операторларының жұмыс сапасына байланысты себептермен, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Сыйлықтарды беру мақсатында қолдану мүмкіндігі болмағаны үшін;
  1. Акция Қатысушылары Акцияның Ақшалай Сертификаттарын және/немесе Бас Жүлделерін талап етпеген жағдайда Акция Қатысушыларының оларды алмауы;
  2. Акцияға қатысуға байланысты Қатысушылардың өмірі, денсаулығы үшін, моральдік және/немесе психикалық зақымдар үшін;
  3. Ұтыс Қатысушылары Жарнамалық акцияға қатысу үшін, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, көлік шығындарына байланысты қандай да бір шығындар мен жұмсалған қаржы үшін жауапты емес.
02.11.2017