Назар аударыңыз, жалған жаңалық!

WhatsApp мессенджерінде «Рамстор» супермаркеттер желісінің қызметі туралы өзекті емес ақпарат таралуда.

Пайдаланушыларға сауда орталықтарында 15 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін сүт безінің қатерлі ісігіне арналған #Мен_өттім әлеуметтік науқаны аясындағы маммологтарға тегін қаралу және кеңес алу өткізіледі деген хабарламалар келеді. Қымбатты қыздар, біздің елімізде сүт безінің қатерлі ісігіне арналған жаңа әлеуметтік науқан басталды. Тексеруден өтіп, кешікпеулеріңізді және өміріңізді сақтауыңызды өтінеміз. «Рамстор» сауда орталықтарында 15 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін демалыс күндері арнайы УДЗ кабинеттері ашық, ол жерде сіз тегін зерттеуден өтіп, кәсіби маммолог дәрігерінен кеңес ала аласыз. Рамстор (Тастақ) Алматыда, Рамстор (Самал 11) Астанада! 
#Мен_өттім науқаны басталды! 
Аналарыңызға, әпкелеріңізге және құрбыларыңызға хабарлаңыз!

03.11.2017