Адам Құқығы Саясаты

Адам Құқықтары және Тең Мүмкіндіктер Саясаты

  1. Мақсаты

«Рамстор Қазақстан» ЖШС діни және этникалық болмысы әртүрлі және әртүрлі тілде сөйлейтін қызметкерлер көмегімен өз қызметін жүзеге асырады. Осыған байланысты, біздің адам ресурстарын басқару бөлімімен жүзеге асырылатын басқару тұжырымдамасының негізгі бағыттарына «Адам Құқықтары» және «Тең Мүмкіндіктер» жатады.

Рамстор адам құқықтарына ерекше көңіл аударады; іс-әрекет, қызметтеріміздің адам құқықтарына жағымсыз анықтауға және алдын алуға жұмыс жасаймыз.

  1. Тең Мүмкіндіктер

Компаниямыздың ресми түрде тіркеліп қызмет көрсетіп жатқан аймағы - Қазақстан Республикасы ХЕҰ – нан (Халықаралық Еңбек Ұйымы) еңбек туралы заңнама, әлеуметтік демеу және әлеуметтік даму, еңбекті қорғау мәселелерінде көмек және кеңес алады. Заң бойынша жүктелген міндетерді атқару арқылы Рамстор Қазақстан ЖШС өзінің ХЕҰ-ның стандараттарына бағыныштылығын да көрсетеді.

Жұмысқа қабылдау, қызметкердің еңбекақысын белгілеу және басқа да барлық кадрларға байланысты процесстерімізде ешкімнің жасы, жынысы, ұлты, діни сенімі, этникалық болмысы, жыныстық көзқарасы, тілі, нанымы бойынша, отбасылық, әлеуметтік немесе экономикалық жағдайы, мүгедектігі, жүктілігі және әскерге шақырылатын жасы бойынша еш уақытта кемсішітушілікке (дискриминацияға) жол берілмейді.

Біздің компанияның Адам ресурстары бөлімі жұмысының жүйесі теңдік қағидасы аясында жұмысшылардың қабілетін, біліктілігін және өнімділігін бағалау жұмыстарын жүргізеді. Біз әділ бағалау негізінде біздің барлық қызметкерлерге оқуға, қызмет бабында көтерілуге, сонымен қатар еңбекақысының және мансабының дамуына тең мүмкіндіктер береміз. Біз мүмкіндігі шектеулі және мүгедек адамдардарды еңбекпен қамту бойынша заңнамаларды сақтаймыз.

  1. Ұжымдық Шарт және Кәсіподақ құру

Рамстор Қазақстан ЖШС заңнама бойынша бекітілген жұмыскерлердің мекемеде кәсіподақ құру құқығын мойындайды. Сонымен қатар ұжымдық шартты жасауға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді орындайды, бұл шарт жасалып қол қойылғаннан кеин шарт бойынша бекітілген міндеттерін де жүзеге асырады.

  1. Жұмысқа мәжбірлеу

Біз жұмысшылардың өз еркінен тыс жұмыстарға мәжбірлеуге жол бермейміз. Жұмысшылардың ешқайсысы қандай да бір мәселе бойынша қыспаққа алынбайды, барлық жұмысшылар өздеріне сай лауазымға өз еркімен және тең жағдайда ие болады.

  1. Кәмелетке толмаған тұлғаларды еңбекке тарту

Рамстор өз жұмысшаларын қолданыстағыі ережелер мен негіздемелерге сәйкес белгілейді. Кәмелетке толмаған тұлғаларды біздің дүкендерге және орталық және аймақтық басқару кеңселеріне жұмысқа алуға тыйым салынады.

  1. Жағымсыз қарым-қатынас және зорлық-зомбылықтың алдын алу

Біз қызметкерлерімізге құрмет және абыроймен қараймыз, қызметкелерімізге жағымсыз қарым-қатынас жасауға жол берілмейді. Қызметкерлерімізге қатысты сөзбен немесе сексуалды алымсақтық жасауға, зоралық-зомбылық көрсетуге рұқсат бермейміз.

  1. Жұмыс уақыты, төлем және жеке құқықтар

Компания өз ішіндегі және сыртқы еңбек нарығындағы еңбекақы теңгеріміне жүгіне отырып, еңбекақыны әділ және бәсекелес белгілеу саясатын ұстанамыз, еңбек өнімділігі нәтижелері бойынша марапаттау арқылы қызметкерлердің жалпы табысының пакеті реттеледі. Біз еңбекақы, жұмыс уақыты, артық жұмыс істелген уақыт және қызметтерді қоса атқаруды реттейтін күшіндегі заңнамаларды толықтай сақтаймыз.

  1. Денсаулықты және еңбекті қорғау

Біз қызметкерлерді қауіпсіз және таза жұмыс орнымен қамтамасыз етеміз, сонымен қатар денсаулықты және еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы барлық заңды талаптарды, ережелерді және ішкі тәртіпті сақтаймыз. Қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар белгілеп денсаулық және қауіпсіздікке байланысты туындыған проблемаларды шешу арқылы жұмыс орындарында денсаулықты сақтау және қауіпсіз жағдай қалыптастыру мәселесін әрдайым жақсарту үстіндеміз.