Жауапты Сатып Алу Саясаты

Жауапты Сатып Алу Саясаты

  1. Мақсаты

Бұл құжат тауар жеткізуші фирмалар үшін Рамстор Қазақстан ЖШС – нің Жауапты Сатып Алу Саясатына сәйкес әзірленген ережелер мен рәсімдерін білдіреді. Бізбен бірге қызмет ететін фирмалардан бұл ереже мен рәсімдерді орындауын күтеміз.

  1. Тауар жеткізуші фирмалардың мына қағидаларды орындауын күтеміз

Рамстор құқықтық талаптарға сәйкес құрылған және өз қызметін заңналамалар талаптарын сақтай отырып жүзеге асыратын фирмалардың қызметін пайдаланады, сонымен қатар заңнама аясында серіктес қарым-қатынастағы, немесе өкілі болып табылатын, агенттіктерді қосқанда барлық компанияларға заңнамаларға сәйкес берілген қызметтері үшін төлем жасайды.

  • Біз Рамсторға тауар жеткізуші фирмалардың келесі нормаларды сақтауын күтеміз:
  • Адам құқықтары қағидаларын сақтауын,
  • Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі Ережелерін сақтауын,
  • Тауарларды және қызметтерді жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде сауда, логистикалық, өндірістік және қаржылық үдерістерде қолданыстағы барлық ұлттық және халықаралық ережелерге сәйкестіктің қадағалануын.

2.1 Үнемі даму қағидасы.

Біз тауар жеткізуші фирмалардан өнімділікті үнемі жақсартуын күтеміз, оларға жол көрсетіп көмек ұсына отырып, тұрақты дамуға өз үлесімізді қосамыз.

Біз жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде азық-түліктерді жеткізу кезінде өнімнің сапасы бойынша және заңнамаға сәйкестігі бойынша біздің ұсынымдар арқылы тауар жеткізуші фирмалардың үздіксіз дамуын қолдаймыз.

Рамстор тұрақты даму қағидаларына сәйкес өнім өндіруде тауар жеткізуші фирмаларға қолдау көрсетеді.

  1. Тауар жеткізуші фиомаларды және өнімдерді бақылау

Рамстор ISO 9001 (сапа менеджменті жүйесі) стандарты талаптары негізінде тауар жеткізуші фирмаларға бақылауды жүзеге асырадыі.

Тексеру барысында жеткілікті бағалау ұпайларын жинамаған тауар жеткізуші фирмаларға анықталған кемшіліктерді түзету қажеттілігі туралы ескертіледі.

Сатып алушылардың шүбәсіз сенімін қолдау үшін оларға сапалы және пайдалы азық-түліктер ұсынуға талпынамыз, біз әлемдік стандарттар талаптарын басшылыққа аламыз. Сондықтан өндірістік жайларды тексеруден басқа, біз өнімдерді сатып алудан бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық кезеңдерінде ­Өнімдерді жинау және тарату орталықтарында (қоймаларда) ашылған зертханаларда бақылау жүргіземіз. Осы тексерулер нәтижесінде Рамстор стандарттары мен заңнама нормаларына сәйкес келетін азық-түліктер ғана сатуға шығарылады. Біз қызметкерлердің жұмысына үнемі құпия түрде тексеріс жүргізе отырып сапаны басқару жүйесінің әрдайым жүзеге асырылуын қамтамасыз етеміз.