АКЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ COCA-COLA FIFA 2018

АКЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ COCA-COLA-МЕН БІРГЕ!» Акциясы (әрі қарай – «Акция») A05D0G0, Алматы қ., Алмалы ауданы, Гоголь/Байзақов көш. 203/73 мекен-жайы бойынша тіркелген «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС-мен (әрі қарай - «Ұйымдастырушы») 2018 жылдың 1 сәуірі мен 2018 жылдың 05 мамыры аралығында (екі күнді қоса алғанда) «Рамстор Қазақстан» ЖШС (әрі қарай – «Серіктес») иелігіндегі «Рамстор» жеке сауда желісінің келесі супермаркеттерінің (әрі қарай – «Супермаркеттер») аумағында өткізіледі.

  1. Алматы қ., Назарбаев к-сі, үй 226
  2. Алматы қ., Алматы-Бішкек т.ж. 15кмАport СОО
  3. Алматы қ., Төле би к-сі, үй 29
  4. Алматы қ., Розыбакиев к-сі, үй 247
  5. Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, үй 7б, Атриум СОО
  6. Алматы қ., Абая к-сі, Әуезов к-ің қ-сы
  7. Алматы қ., Алмагүл ы.а., үй 18а
  8. Алматы қ., Тимирязев к-сі, үй 37
  9. Алматы қ., 10 ы.а., үй 11а
  10. Алматы қ., Мақатаев к-сі 127/1483
  11. Алматы қ., Орбита 2 ы.а., Навои к-сі 2
  12. Алматы қ., Абай д-лы 141
  13. Астана қ., Тәуелсіздік к-сі, үй 34
  14. Астана қ., Самал ы-а, үй 11
  15. Астана қ., Қабанбай батыр к-сі 62

 

 

Осы ережелерде, егер контексттен басқаша ұғым туындамаса, жекеше түрде аталған анықтамалар мен түсініктемелер көпше түрдегі ұғымдарды да білдіреді және керісінше.

 

 

1-ТАРАУ. АКЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН ӨНІМ

Акцияның қатысушысы атану үшін (әрі қарай –«Қатысушы»), Ұйымдастырушы өндірген/тарататын «Coca-Cola» Classic тауар белгісі бар алкогольсіз сусынның сыйымдылығы 250 мл қаңылтыр құтысының (әрі қарай – «Өнім») 6 данасынан тұратын 1 қаптаманы сатып алу қажет.

 

2-ТАРАУ. ЖҮЛДЕЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

2.1. FIFA™ ФУТБОЛ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА САПАР

 

(i)         Қатысушыларға 2018 жылғы 3 шілдеде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін FIFA™ Футбол әлем чемпионатының 1/8 ойынына берілетін 4 жолдаманың (әрі қарай – «Сапар(лар)») бірін осы Акцияның Ресми ережелерінің шарттарына сәйкес (әрі қарай – «Ресми ережелер») ұтып алу мүмкіндігі беріледі. Ұтысқа жеткен қатысушыда (әрі қарай – «Жеңімпаз(дар)») жарамды кіру құжаттары (төлқұжат, виза (қажет болған жағдайда), FAN ID және жағдайға байланысты басқа да құжаттар) болуы тиіс.

(ii)        Сапар Ұйымдастырушы төлейтін 1 (бір) адамның келесі шығындарын қамтиды:

 

  • Алматы қаласынан Ресейдің Санкт-Петербург қаласына және кері қарай Санкт-Петербург қаласынан Алматы қаласына эконом кластағы тікелей немесе тікелей емес рейс (рейстің бар болғанына байланысты) (Ұйымдастырушы әуе компаниясын, рейстің күні мен уақытын өз ұйғарымы бойынша таңдауға құқылы);

 

  • Санкт-Петербург қаласына келген күнінен бастап және Санкт-Петербург қаласынан кететін күнге дейін, жалпы есептегенде 3 (үш) күн және 2 (екі) түннен аспайтын мерзім ішінде Ұйымдастырушы таңдаған қонақүйдің бір немесе екі орынды бөлмесінде тұру. Жеңімпаз(дар)дың қонақүйдегі қосымша шығындары бұл Акция аясында өтелмейді. Ұйымдастырушы бір жынысты екі Жеңімпазды екі орынды бір бөлмеге орналастыруға құқылы;

 

  • Санкт-Петербург қаласында тамақтану құны (таңғы ас, түскі ас және кешкі ас). Бұл сома Ұйымдастырушымен немесе оның уәкілетті тұлғасымен өз ұйғарымы бойынша белгіленеді және әр Жеңімпазға жетекшімен (яғни Жеңімпаздардың тобын алып жүретін тұлғамен) беріледі;

 

  • Трансфер: (i) Санкт-Петербург қаласының әуежайынан қонақүйге, (ii) қонақүйден стадионға, (iii) стадионнан қонақүйге, (iv) қонақүйден Санкт-Петербург қаласының әуежайына;

 

  • 2018 жылығы 3 шілдеде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін FIFA™ Футбол әлем чемпионатының финалдық 1/8 ойынына бір билет.

 

(iii) Осы Ресми ережелердің 2.1. Тарауында көрсетілмеген барлық басқа Сапар кезіндегі немесе онымен байланысқан шығындар, соның ішінде паспорт, виза, саяхатшыны сақтандыру шығындары, Алматы қаласына(н) Қазақстан Республикасының басқа қалаларына(н) тасымалдау шығындары, жеке шығындар тек қана Жеңімпаз(-дар) есебінен төленеді, ал Ұйымдастырушы ондай шығындар үшін жауап бермейді.

 

3-ТАРАУ. САПАРДЫ ҚАЛАЙ ҰТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

3.1. Серіктестің Супермаркетінде кемінде 3000 (үш мың) теңгеге тауар, соның ішінде Өнімді сатып алыңыз.

3.2. Кассада купон алыңыз (әрі қарай – «Купон»).

3.3. Купонның негізгі бөлігін Супермаркеттегі пластмассалы жәшікке салыңыз.

 

3.4. Сапарға арналған Купондардың ұтыс ойыны екі апта сайын өткізіледі. Алғашқы Ұтыс ойыны 2018 жылғы 21-22 сәуірде, ал соңғы ұтыс ойыны 2018 жылдың 5-6 мамырында өткізіледі. Ұтыс ойынды Серіктес өткізеді. Ұйымдастырушы Ұтыс ойындарына қатысуға құқылы. Әр ұтыс ойынында Серіктес бір Жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаз анықталғаннан кейін жеңіске жеткен Код www.ramstore.kz сайтында Жеңімпаз анықталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.

 

Қатысушы 2 не одан да көп Өнім сатып алса, және чектің сомасы 3 000 (үш мың) теңгеден 2 есе асса, оған тиісті Купондар саны беріледі.

 

3.5. Егер сіз Сапарды жеңіп алған Жеңімпаз болсаңыз, осы Ресми ережелерге сәйкес Сапарға қол жеткізу үшін сізге (i) ұтысқа жеткен Коды бар Купоныңызды (ii) және тұлғаңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін Серіктестің кеңсесіне төменде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті ұтыстан кейінгі 10 (он) күнтізбелік күн ішінде (сағат 9:00 мен 18:00 аралығында, сенбі, жексенбі және мереке күдерін санамағанда) жіберу қажет:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, АЛМАТЫ Қ-СЫ, Назарбаев д-лы, 226.

3.6. Серіктес Сауалнамасын толтыру үшін Жеңімпаз Серіктеске келесі ақпаратты беруі тиіс:

- Тегі,

- Аты,

- Әкесінің аты (болған жағдайда),

- Туылған күні, айы, жылы,

- Қала коды бар байланыс телефоны,

- Оператор коды бар ұялы телефон нөмірі,

- Нақты тұрғылықты мекенжайы,

- Электрондық пошта мекенжайы,

- Купондағы жеңіс Коды.

3.7. Сапарды алу барысында Жеңімпаз(дар) Сапардың алуын растайтын Сапар беру Актісін толықтыруы қажет, оның ішінде құжат бағандарында көрсетілген өз мәліметтерін жазып көрсетіп, өз жеке қолын қоюы тиіс.

3.8. Жеңімпаз(дар) Сапардың алуын растайтын Сапар беру Актісінің толдырудан бастартқан жағдайында, сонымен қатар толымсыз мәлімет көрсеткен және/немесе бар қажетті мәліметті бермеген немесе беймезгіл берген жағдайда Сапар талап етілмеген болып саналады.

 

3.9. Сапар(лар)ға қол жеткізу үшін Сапарға арналған Купонның жыртылмалы бөлігі мен фискалды чекті (әрі қарай – «Чек») сақтап, оны/оларды Ұйымдастырушыға немесе Серіктеске тапсырыңыз. Егер Кодты тіркеген тұлға Купонның жыртылмалы бөлігі мен Кодқа парапар Сапарға арналған Чекті көрсете алмаса, Код жарамсыз болып саналады.

 

3.10. Қатысушыны сәйкестендіру мақсатында Қатысушының Купонда жазған телефоны қолданылуы тиіс.

 

3.11. Кодты активтеу кезінде Қатысушы өзінің Акцияға қатысуға құқылы екенін мойындайды және осы Ресми ережелер ол үшін автоматты түрде міндетті саналады.

 

3.12. Сапарға дайындалу процедурасының ұзақтығына байланысты Жеңімпаз(дар) Сапарға арналған Купон мен Чекті Серіктестің кеңсесіне Ресми ережелерде көрсетілген мерзімнен кеш әкелген жағдайда Ұйымдастырушы тиісті Сапар(лар)дың ұйымдастырылатынына КЕПІЛДІК БЕРЕ АЛМАЙДЫ.

 

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ!

ЖЕҢІМПАЗ(ДАР) САПАРҒА БАРУ ҮШІН ШЕТЕЛГЕ КІРУ ҚҰЖАТТАРЫН ӨЗІ РӘСІМДЕУІ ТИІС. САПАРҒА БАРУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН КУӘЛІК ҚҰЖАТЫ РЕТІНДЕ FAN ID АЛУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚҰЖАТ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТИІС, ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗ(ДАР) FIFA 2018TM ФУТБОЛ ӘЛЕМ ЧИМПИОНАТЫ ӨТКІЗІЛЕТІН ЕЛДЕ КЕЗ-КЕЛГЕН СЕБЕППЕН ҚАБЫЛДАНБАҒАН ЖАҒДАЙДА THE COCA-COLA COMPANY, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕС ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛМАЙДЫ.

 

 

4-ТАРАУ. ОСЫ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫ

 

4.1. «The Coca-Cola Company» компаниясының еншілес компанияларының, бөлімшелерінің, бақылауындағы компанияларының, «Coca-Cola CIS Services Ltd. (Қазақстан)” компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің, Ұйымдастырушының, ФИФА-ның, Серіктестің, олардың жергілікті өкілдерінің, осы Акцияға қатысы бар жарнама агенттіктерінің және/немесе лотерея ұйымдарының, немесе қатысушы дистрибьютерлердің қызметкерлерін және олардың жақын туысқандары мен жұбайларын санамағанда 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары ұсынылған Акцияға қатысуға құқылы.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: САПАР ТЕК 18 ЖАСТАН АСКАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА ҒАНА ҰСЫНЫЛАДЫ!

 

4.2. Ұйымдастырушы және/немесе Серіктес кез-келген тұлғадан оның жасын растайтын құжатты талап етуге құқылы (бірақ міндетті емес), және жасы осы Ресми ережелердің 3.1.-тарауында көрсетілген межеден төмен (құжаттармен расталған немесе Ұйымдастырушының және/немесе Серіктестің пікірінше анықталған) тұлғаларға Сыйлықтарды беруден бастартуға құқылы.

 

5-ТАРАУ. БАРЛЫҚ ЖҮЛДЕЛЕРДІ АЛУ ҮШІН ЖҮГІНУ

5.1. Егер Ұйымдастырушының және/немесе Серіктестің пікірінше Купон және/немесе Чек бұрмаланған немесе өзгертілген, жалған, зақымдалған, сырылған, үйкелген және/немесе кір неме кірленген болса, немесе онда баспа, типографиялық немесе басқа қателер болса, немесе заңсыз табылған болса немесе осы Акцияға басқа да бір себептермен сай келмейтін болса, Ұйымдастырушы және/немесе Серіктес ондай Купонды және/немесе Чекті жарамсыз деп тануға құқылы (әрі қарай «Жарамсыз Купон(дар)/Чек(тер)»). Ұйымдастырушы Жарамсыз Купон(дар)/Чек(тер)ге қатысты барлық талаптарды қабылдамауға құқылы.

 

5.2. Ұйымдастырушы Купонның/Чектің иесін анықтауға байланысты дауларға жауапты емес. Купон(дар)ды/Чек(тер)ті Серіктеске табыстаған тұлға оның иесі ретінде қарастырылуы тиіс.

 

 

5.3. Ұйымдастырушы және/немесе Серіктес Жарамсыз және/немесе қабылданбаған Купон(дар)/Чек(тер) бойынша хат-хабар алысуға немесе қандай да бір түсініктемелер беруге міндетті емес.

 

6-ТАРАУ. САПАРҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕ ШАРТТАР

 

Әрбір Жеңімпаз Ұйымдастырушы көрсеткен күні және рейстерде Ресейдің Санкт-Петербург қаласына сапар жасайтын болады және Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, Ұйымдастырушы көрсеткен орындарда, Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бару бағдарына сәйкес болуға және Алматы қаласына Ұйымдастырушы берген әуе билеттермен қайтып оралуға міндетті. Жеңімпаз(дар) Сапардың барлық мерзімі барысында Ұйымдастырушы белгілеген нұсқаулықтарды және кестені қатаң сақтауға міндетті.

 

 

Жеңімпаз ұтыс ойынның нәтижелері туралы растау хатты өз электронды поштасына қабылдаған сәтен бастап екі апта ішінде Ұйымдастырушыға немесе Ұйымдастырушының өкілетті тұлғасына Сапарға қажетті барлық құжаттардың нотариалды расталған көшірмелерін, соның ішінде төлқұжат пен визаның (қажет болған жағдайда) көшірмелерін тапсыруға міндетті. Ұйымдастырушы рейстердің болмауы, олардың алынып тастау немесе кешігуі үшін жауапты емес. Сапар мерзімі Ұйымдастырушы немесе Ұйымдастырушының өкілетті тұлғалары ұсынған әуе билеттері және/немесе Сапар билеттерінде көрсетілген күндермен шектеледі.

 

Жеңімпаз Санкт-Петербург қаласына (Ресей) сапар шегу үшін қажет жарамды төлқұжатты, визаны (қажет болған жағдайда) және Ұйымдастырушы ұйғарымымен қажет деп танылған барлық өзге рұқсаттар мен құжаттарды, сондай-ақ, FIFA өкілдерімен бекітілгендей Санкт-Петербург қаласына (Ресей) және стадионға кіру үшін www.fan-id.ru сайтында FAN ID алу үшін жауапты. Ұйымдастырушы Жеңімпаз(дар)ға FAN ID алуда жәрдем беруге құқылы (бірақ міндетті емес). Жеңімпаз(дар)ға FAN ID берілмегені үшін Ұйымдастырушы жауап бермейді.

 

Жеңімпаз(дар) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласының тұрақты тұрғыны болмаған жағдайда, Ұйымдастырушы Жеңімпаз(дар)дың Алматы қаласына келуімен және Алматы қаласынан Санкт-Петербург қаласына (Ресей) кеткенге дейін Алматыда орналасумен және Санкт-Петербург (Ресей) қаласынан Алматы қаласына қайтып оралғаннан кейін Алматы қаласынан өзінің тұрғылықты жеріне оралуымен байланысты қандай да бір шығындарды өтеуге міндетті емес.

 

 

Егер Жеңімпаз Ұйымдастырушыға тәуелсіз қандай да бір себептермен, мысалы Жеңімпаз(дар)дың Сапарға қажетті қандай да бір құжаттарының болмауы немесе Жеңімпаз(дар)дың Алматы қаласы әуежайына уақытылы келмеуі себебінен Сапарды пайдалана алмайтын болса, Ұйымдастырушы ешқандай жауап бермейді. Ұйымдастырушының жазбаша келісімінсіз Жеңімпаз(дар) Санкт-Петербург қаласына (Ресей) Сапарға бару құқығын басқа тұлғаларға БЕРЕ АЛМАЙДЫ.

 

 

 

 

Жеңімпаз(дар)ға Сапарды пайдалануға кедергі жасайтын кез-келген, соның ішінде төмендегі және Ұйымдастырушыға тәуелсіз жағдайлар үшін Ұйымдастырушы жауап бермейді және олармен байланысты қандай да бір шығындарды төлемейді:

-    Жеңімпаз(дар)ға Санкт-Петербург қаласында (Ресей) өтетін матчқа бару үшін қажетті қандай да бір құжаттардың, рұқсаттардың немесе визалардың алынбауы және/немесе оларды алу және/немесе мерзімін ұзарту мүмкіндігінің болмауы;

 

-    мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы, Санкт-Петербург қ. (Ресей) аумағына, немесе Қазақстан Республикасынан Санкт-Петербург қ. (Ресей) бағытындағы транзиттік мемлекеттер аумағына кіруге және/немесе шығуға тыйым салуы немесе шектеу қоюы;

 

-    Сапардың Жеңімпаз(дар)дың күткеніндей болмауы;

 

-    Қазақстан Республикасының және/немесе Ресейдің тиісті лауазымды тұлғаларының келу немесе кету визасын, немесе Сапарға қажетті басқа құжаттарды беруден бас тартуы;

-   FAN ID-ді алу өтінімін кері қайтару;

-   FAN ID-ді алу туралы өтінімнің жойылуы;

-   FAN ID-ді беруден бас тарту;

- Жеңімпаз(дар)да FAN ID жоқ болған жағдайда, оны (оларды) стадионға кіргізуден бас тарту.

 

Ұйымдастырушы Сапар кезінде Жеңімпаз(дар)дың денсаулығына (өміріне) және/немесе мүлкіне, сондай-ақ үшінші тұлғалардың денсаулығына (өміріне) және/немесе мүлкіне келтірілген қандай да бір залал үшін жауап бермейді. Ұйымдастырушы Жеңімпаз(дар)дың Сапар кезеңіндегі заңсыз әрекеттері үшін жауап бермейді.

 

Осы Ресми Ережелермен ескертілмеген барлық жағдайларда Ұйымдастырушы мен Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын негізге алады.

 

FIFA 2018™ футбол әлем Чемпионаты ойындарының өткізілмеуі, қауіпсіздік немесе кез-келген басқа мақсатта жанкүйерлерсіз ойнау, матчтың өтетін күнін немесе орынды өзгерту туралы шешім үшін Ұйымдастырушы жауап бермейді.

 

7-ТАРАУ. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КЕЛІСІМІ

 

7.1. Жүлделерді табыс ету БАҚ-тың шақырылуымен, аудиожазба, фото және бейнежазба жүргізілуімен өтетін қоғамдық іс-шара ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Осы Акцияға қатысу арқылы Жеңімпаз(дар) болып табылатын Қатысушы(лар) оның (олардың) аты-жөні, мекен-жайы, фото/видео бейнелері мен аудиожазбалары жария болатындығымен және Ұйымдастырушы оларды аудио, фото және бейнематериалдарда өз ұйғарымы бойынша өтемақысыз қолдана алатындығымен келіседі. Тиісті бұқаралық жиын ұйымдастырылған жағдайда Ұйымдастырушы Қатысушы(лар)мен еріп келген тұлғаларды осы шарт туралы хабардар етіп, тиісті келісімін алуы тиіс.

 

 

7.2. Оған қоса, Қатысушылар Ұйымдастырушының Сапар барысында Сапарды иеленген Жеңімпаз(дар)дың фото/бейнежазбасын және аудиожазбасын жасауы және оларды осы Тарау шарттарына сәйкес пайдалануы мүмкін екендігін растайды және келіседі. Сапарды иеленген әр Қатысушы өзінің аты, мекенжайы, телефон нөмірлері, фотосуреттері/бейне және аудиожазбалары Ұйымдастырушы өз ұйғарымы бойынша орынды деп есептейтін кез-келген формада бұқараға қолжетімді болатындығымен, және Ұйымдастырушы оларды Қатысушылардан қандай да бір келісім немесе қосымша рұқсат алмастан, қандай да бір сыйақы төлеместен және қосымша хабар берместен кез-келген аудио-, фото- және видео-материалдарда пайдалана алатындығымен келіседі.

 

8-ТАРАУ. ШЫҒЫНДАР МЕН САЛЫҚТАР

Қатысушылардың Сапар(лар)ды алуы барысында туындауы мүмкін жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұйымдастырушымен төленеді.

Барлық өзге төлемдер, соның ішінде бюджетке міндетті төлемдер және Жүлде алуға байланысты туындауы мүмкін өзге шығындар мен шығыстарды Сапарды алатын Қатысушы өз бетінше төлейді.

 

9-ТАРАУ. АКЦИЯНЫҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ

 

9.1. Ұйымдастырушы өз ұйғарымы мен шешімімен Акцияны Серіктестің бүкіл аумағында толықтай немесе жартылай өткізбеуге, тоқтатуға, қайта жалғастыруға немесе мерзімін ұзартуға, сондай-ақ, Ұйымдастырушы орынды деп санаған кез-келген уақытта осы Ресми ережелерді өзгертуге құқылы.

 

 

9.2. Ұйымдастырушы Қатысушыларды осындай өзгерістер туралы Веб-сайтта хабарлама («Хабарлама») беру жолымен хабардар етуге құқылы. Ондай Хабарлама тұтынушыларды Акцияның және осы Ресми ережелердің доғарылатыны, тоқтатылатыны, ұзартылатыны, қайта жалғасатыны немесе өзгеретіні туралы хабардар ету үшін жеткілікті деп танылады.

 

10-ТАРАУ. THE COCA-COLA COMPANY (TCCC) ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ.

10.1. Осы Ресми ережелердегі еш нәрсе Қатысушыға TCCC тауар белгілерін иеленуге немесе олардан пайда табуға құқық беру ретінде қарастырылмауы тиіс. Ресми ережелердің шарттары да, Акцияға қатысу да Қатысушыға (ТССС алдын ала жазбаша келісімінсіз) ТССС немесе Ұйымдастырушының атауын, белгісін, тауар белгілерін немесе авторлық құқықтарын маркетингтік немесе жарнамалық мақсаттарда, және осы Акцияға қатысы жоқ кез-келген өзге мақсаттарда пайдалану немесе атап өту құқығын бермейді. Қатысушы ТССС тауар белгілерінің немесе ТССС оларды иелену құқығының жарамдылығын мойындайды және ешқашан күмәнданбайды.

 

10.2. Қатысушы ТССС тауар белгілеріне қатысты құқықтарды сақтау жөніндегі талаптарды бұзған жағдайда Ұйымдастырушы өзінің және/немесе ТССС-дың, сондай-ақ, ТССС тауар белгілері бар тауарларды қандай да бір аумақта өндіретін және/немесе сататын өзге авторизацияланған тұлғаның сондай бұзушылық салдарынан пайда болған шығындарын өтеуді талап етуге, ал Қатысушы ол талапты Ұйымдастырушының бірінші талабы бойынша орындауға міндеттенеді.

 

 

10.3. Осы 10-тарау Акцияның өткізілу мерзімі аяқталғаннан кейін де өз күшін сақтап қалады.

 

11-ТАРАУ. АКЦИЯНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ

11.1. Осы Акцияның Ресми ережелерін Серіктестің Веб-сайтында алуға болады.

 

11.2. Толығырақ ақпаратты алу үшін + 7(727) 3305566 телефоны арқылы хабарласуға немесе Веб-сайтқа кіруге болады.

 

АКЦИЯҒА ҚАТЫСА ОТЫРЫП БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАР ОСЫ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ МӘТІНІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҚҚАНДАРЫН ЖӘНЕ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫМЕН ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫМЕН ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕКТЕУЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРСІЗ ДАУСЫЗ КЕЛІСЕТІНДІГІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ РАСТАЙДЫ.

 

«COCA-COLA», «COKE», Контурлы бөтелке, Серпінді толқын «The Coca-Cola Company» (Дзе Кока-Кола Компани) компаниясының тіркелген тауар белгілері болып табылады.

 

Акция Coca-Сola брендін жарнамалауға бағытталған және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірде шыққан № 495-V «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңының  4)-тармақшасына сәйкес ол мәні жағынан лотерея болып саналмайды. Жүлде қоры тек Ұйымдастырушының меншікті қаражатынан ғана құралады.