Жемқорлыққа қарсы саясат

«РАМСТОР ҚАЗАҚСТАН» ЖШС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА

ҚАРСЫ САЯСАТ ТУРАЛЫ ҚАҒИДАСЫ  

  1. ҚҰЖАТТЫҢ НЫСАНЫ, ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

1.1. Жемқорлыққа қарсы саясат туралы осы Қағида (бұдан әрі Қағида) Қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттарында әзірленді және жемқорлықты болдырмауға және ҚР қолданыстағы жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтауға бағытталған шешуші қағидалар мен талаптарды анықтайтын «Рамстор Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі ЖШС) негізгі құжаты, қызметкерлер үшін және ЖШС әрекеттесе алатын және/немесе ЖШС атынан әрекет етуі мүмкін өзге тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқаулық болып табылады. 

1.2. Қағида «Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңына, ЖШС Жарғысына, Этика кодексіне және ЖШС басқа ішкі құжаттарына, Нұсқаулықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарының ескерілуімен әзірленді. 

1.3. ЖШС жемқорлыққа қарсы шаралары:   

– жемқорлықтың алдын алуға, соның ішінде жемқорлықтың себептерін анықтау мен кейіннен жоюға (жемқорлық профилактикасы);

– жемқорлық құқықбұзушылықтарының салдарын азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған. 

  1. ҚАҒИДАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

2.1. Қағиданың мақсаттары үшін келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

Жемқорлық – өз мүдделері үшін, сондай-ақ өзге тұлғалардың мүдделері үшін жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді қабылдау, сондай-ақ ЖШС жұмыс істейтін тұлғалардың өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланумен артықшылықтар алуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды заңға қайшы ұсыну арқылы мұндай тұлғаларды параға сатып алу;

Іскерлік этика – іскерлік қарым-қатынас үдерісінде туындайтын қатынастарды реттейтін жүріс-тұрыс нормаларының, ережелер мен қағидалардың жиынтығы. Іскерлік этика ережелерін білу және қолдану іскер серіктестерге өзара түсіністік жолдарын табуға және бірлескен қызметті тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

  1. ҚАҒИДАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

3.1. ЖШС және оның басшылығы бәсекелес, еркін және реттелмейтін нарық қағидаларын, сондай-ақ ЖШС барлық бастамаларында сақталуы міндетті болып табылатын этикалық және заңға бағынушылық жүріс-тұрыс нормаларын ұстанатынын көрсетеді. 

3.2.    Пара алу және жемқорлық іс-әрекеттер мен этикадан тыс жүріс-тұрыстың өзге түрлері (қылмыстық жолмен алынған табысты ресмилендіру мен бопсалауды қоса алғанда) ЖШС мақсаттары мен қағидаларына қайшы келеді. 

3.3. ЖШС өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

  • ЖШС мен оның қызметкерлеріне қатысты қолданыла алатын ҚР жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптарын жалпылау және түсіндіру;
  • ЖШС қызметкерлерінің осы Қағиданың талаптары мен ережелерін, қолданыстағы жемқорлыққа қарсы заңнаманың шешуші нормаларын, сондай-ақ жемқорлықты болдырмау жөніндегі саналы рәсімдерді білу және сақтау міндетін орнату.
  1. ҚАҒИДАНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

4.1. ЖШС қызметкерлері іскерлік этиканың барлық нормаларын, құпиялылық шарттарын сақтауға, құжат айналымын адал жүргізуге тиіс, атап айтқанда:

4.1.1. ЖШС кадрлық саясат ережелері мен рәсімдері, соның ішінде жалдау, қызметін көтеру, оқыту, қызмет нәтижелерін басқару, сыйлықақы төлеу, мойындау, және тәртіптік жауапкершілік шаралары осы Қағидада көзделген міндеттемелерге сәйкес келеді. 

4.1.2. Осы Қағиданы сақтаудың міндетті сипатына орай, оны бұзу осы Қағиданың маңыздылығын ескеретін болсақ, Қызметкермен арадағы еңбек қатынастарының тоқтатылуына әкеп соқтыруы мүмкін тәртіптік өндіріп алуға алып келеді. 

4.1.3.     ЖШС Қызметкерлері келесі қағидаларды басшылыққа алулары тиіс:

  • құрмет – басқа қызметкерлермен, іскерлік серіктестермен және Басшылықпен тілектестік қарым-қатынас
  • адалдық – ЖШС жеке мүдделер мен кәсіби қызметтің арасында қайшылықтарға жол бермейді; алдау, әдейі жасыру және жалған мәлімдеме беру;
  • кәсіпқойлық – өз қызметінің мәнісін терең білу, лауазымдық міндеттеріне жауапты және адал қарау, алға қойылған міндеттерді сапалы және уақытылы орындау, кәсіби деңгейді жетілдіру;
  • жауапкершілік – іскерлік серіктестер, ЖШС басқа қызметкерлері, басқа мүдделі тараптардың алдында өз міндеттемелерін орындау.

4.1.4. Бөлімдер мен бөлімшелердің қызметкерлері құжат айналымын жүргізу жөніндегі барлық нормалар мен талаптарды сақтауға тиіс, сеніп тапсырылған құжаттардың жөнелтілуін нақты бақылауға тиіс. Тәуекелдерді төмендету үшін қызметкерлерде барлық алынған және жөнелтілген хаттар мен басқа құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары болуы тиіс. Уәкілетті қызметкерлер тіркелген құжаттар тізілімін тиісінше жүргізуге тиіс. 

4.1.5.     ЖШС қызметкерлері өз жүріс-тұрысында қызметтік жағдайларын асыра пайдаланбаулары тиіс. Қызметтік жағдайды асыра пайдалану қызметкер өзінің жеке мүдделерін компанияның мүдделерінен жоғары қойған жағдайда туындайды. 

4.1.6. ЖШС барлық қызметкерлері өздерінің кәсіби қызметінде осы Қағиданы басшылыққа алып, оның ережелері мен талаптарын мүлткісіз орындауға тиіс. 

4.2.    Қандай да бір жасалған немесе ықтимал әрекеттің осы Қағиданы бұзу болып табылатынына қатысты күмән туған жағдайда, ең қысқа мерзім ішінде ЖШС басшылығына жүгініп, нұсқаулар алу қажет.

Бопсалау немесе пара беруге жауапты әрекет бұл туралы ЖШС Басшылығына дереу хабарлаумен бас тарту болып табылады.

Жасалған, ықтимал немесе жоспарланған әрекеттің осы Қағиданың шарттарының кез келген бұзғаны жайлы күмән туған жағдайда, бұл туралы құпиялылық және кепілдендірілген қауіпсіздік шарттарында ең қысқа мерзім ішінде ЖШС Басшылығына хабарлау қажет.

ЖШС қызметкерлері өз қызметінде төмендегілерге жол бермейді:

4.2.1. қызметтік жағдайды асыра пайдалану, өкілеттіліктерді асыра пайдалану, коммерциялық пара беру немесе құндылықтар мен басқалар түрінде пайда алу мақсатында ЖШС заңды мүдделеріне қайшы жеке тұлғаның өзінің лауазымдық жағдайын өзге заңсыз пайдалануы.

4.2.2. ЖШС, сондай-ақ еңбек ұжымының беделіне нұсқан келтіретін заңсыз акцияларға қатысу, ЖШС зиян, соның ішінде оның беделіне зиян келтіруі мүмкін кез келген заңға қайшы қызметпен (іскерлік, қоғамдық, саяси, діни және басқа) айналысу. 

4.2.3. ЖШС, оның Басшылығы мен қызметкерлерінің беделіне нұсқан келтіретін жалған мәліметтерді тарату.

4.2.4. ЖШС, соның ішінде оның барлық Қызметкерлері Қазақстан Республикасының жерқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін сақтауға тиіс. Жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік пен жза Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген. 

4.2.5. Барлық іскерлік операциялар жеткілікті түрде егжей-тегжейлі жіктемемен, құжаттамалық растаумен және жасалатын операцияларға қатысушы-тараптардың, ақша сомалары мен коммерциялық мақсаттарының көрсетілуімен, есеп құжаттамасы мен есеп бухгалтерлік құжаттарда дәл және ашық көрсетіледі. 

  1. СЕРІКТЕСТЕРМЕН ЖӘНЕ КОНТРАГЕНТТЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК

5.1. ЖШС мен оның қызметкерлеріне осы қағиданың ережелері мен талаптарына немесе қолданыстағы жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына қайшы келетін қандай да бір әрекеттерді жасау үшін серіктестер, агенттер, бірлескен кәсіпорындар немесе өзге тұлғаларды тартуға немесе пайдалануға тыйым салынады. 

5.2. ЖШС жүргізілуінің негізгі қағидалары төмендегілерді орнататын ең үздік бәсекелес бағалармен контрагентті іріктеу болып табылатын конкурстың (тендер немесе сатып алудың өзге тәсілдері) негізінде жұмыстар мен қызметтерді көрсету үшін ірі контрагенттерді немесе серіктестерді таңдауды жүзеге асырады:

– ұсынылатын қызметтер нарығын талдау;

– контрагенттерге қатысты тең құқылық, әділдік, кемсітпеу және бәсекелестікті негізсіз шектемеу;

– пайда мен шығындарды (ең алдымен, өнімнің бағасы мен сапасы) кешенді талдау кезінде ең оңтайлы ұсыныстарды әділ және саналы талдау;

– тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға (олардың қажеттілігінің ескерілуімен) ақша құралдарын нысаналы және экономикалық тиімді шығындау және ЖШС шығындарын қысқартуға бағытталған шараларды іске асыру;

– контрагентке қатысты шамадан тыс талаптарды орнату арқылы сатып алуға қатысуға қолжетімділікті шектемеу;

– жемқорлық көріністерін, мүдделер қақтығысын және өкілеттіліктерді өзге асыра пайдалануды болдырмау. 

5.3. ЖШС жемқорлықпен күрес заңнамасының талаптарын орындайтын контрагенттермен және/немесе жемқорлыққа жол бермеуді мағлұмдайтын контрагенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға тырысады. 

5.4. ЖШС жемқорлыққа тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қатынастардың тәуекелін төмендету үшін саналы күш-жігерін салады. 

  1. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

6.1. ЖШС осы Қағиданы ЖШС ресми сайтына, ақпараттық стендтерге еркін қолжетімділік шарттарында орналастырады және жемқорлыққа қарсы екенін ашық мәлімдейді, барлық контрагенттердің, өз қызметкерлері мен өзге тұлғалардың Қағиданың ережелері мен талаптарын сақтауын құптайды және қолдайды. 

6.2. ЖШС қызметкерлерді ақпараттандыру және оқыту арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениеттілік деңгейін арттыруға жәрдемдеседі.  

  1. ӘРТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСУ

7.1.    Компанияның қызметкерлері уәкілетті органдармен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен, әртүрлі кәсіподақтармен, мемлекеттік құрылымдармен, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен және т.б. өткізілетін конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарлар мен т.б. қатысады. 

7.2.    ЖШС Қызметкері аталмыш шараларға қатысу барысында алған бүкіл ақпарат іс-шараның аяқталуынан кейін ЖШС Басшылығына баяндалуы тиіс. 

7.3.    Іс-шараларға қатысу кезінде ЖШС қызметкері іскерлік тілдесудің барлық нормалары мен қағидаларын сақтауға, Этика кодексін орындауға, кейіннен ЖШС беделін төмендетуі мүмкін келісім жасаспауға немесе кез келген түрдегі әңгімелесулерді жүргізбеуге тиіс.

7.4.    Конференцияға, конгресске және өзге іс-шараларға қатысу кезінде Компанияның Қызметкері бөлісетін кез келген ақпарат Қызметкердің құзыреті мен оған берілген өкілеттіліктер аясында ЖШС Басшылығымен келісілуі тиіс. 

  1. ӨЗГЕ ЕРЕЖЕЛЕР

8.1.    Осы Қағиданың немесе ЖШС онымен байланысты бизнес-үдерістерінің жеткілікті түрде тиімді болып табылмайтын жағдаяттары анықталған жағдайда, немесе ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайда, ЖШС Басшылығы осы Қағиданы және/немесе бизнес-үдерістерді өзектендіру жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайындау мен іске асыруды ұйымдастырады. 

  1. ОСЫ ҚАҒИДАНЫ ОРЫНДАМАУ/ ТИІСІНШЕ ОРЫНДАМАУ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

9.1.    ЖШС барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, иеленетін лауазымдарынан тәуелсіз, осы Қағиданың ережелері мен талаптарының сақталуы үшін, сондай-ақ оларға бағынышты тұлғалардың осы ережелер мен талаптарды бұзатын әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жеке дара жауапкершілікті көтереді.  

9.2.    ЖШС өз Қызметкерлерінің, контрагенттерінің және ЖШС өзара әрекеттесетін өзге үшінші тұлғалардың жемқорлық қызметке қатысқаны үшін санкциялар салына алады, жемқорлық әрекеттің әрбір саналы негізделген күмәні немесе орнатылған дерегі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жол берілген аяда қызметтік тергеулер бастамаланады. 

9.3.    Осы Қағида талаптарының бұзылуына кінәлі тұлғалар ЖШС, құқық қорғау органдарының немесе өзге тұлғалардың бастамасымен Компания Жарғысында, ҚР заңнамасына немесе ҚР өзге нормативтік-құқықтық актілері мен еңбек шарттарында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартыла алады. 

Ескертпе: Құжат 19.06.2017 күні «Рамстор Қазақстан» ЖШС Бас Директоры тарапынан бекітілген.

Қазақ